Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Квасьневскийді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Квасьневскийді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс, Орталық Еуропа және Орталық Азия елдерінің есірткіге қарсы саясаты жөніндегі комиссиясының төрағасы Александр Квасьневскийді қабылдады. Кездесуде нашақорлықтың және есірткі бизнесінің белең алуына қарсы күреске қатысты ақпарат алу мәселелері талқыланды. Қазақстан Комиссиямен белсенді қарым-қатынас жасауға әзір. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда есірткі өндірумен және оны халық арасында таратумен айналысатын адамдарға қатысты жазаны қатаңдату тұрғысынан заңнама қайта қаралып жатқанын айтты. Өз кезегінде Александр Квасьневский есірткіге қарсы саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар мен шаралар туралы айтты. Тараптар есірткіге қарсы күрес бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.