Мемлекеттік басқару академиясында ішкі саясаттың негізгі мәселелері талқыланды

Мемлекеттік басқару академиясында ішкі саясаттың негізгі мәселелері талқыланды

«Әділетті Қазақстан» әділдік ұстанымына негізделген. Елімізде іске асып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалар осы тұжырымға негізделген. Осы тақырып жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сөз сөйледі. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, бұл қағидат мемлекетте кешенді түрде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени реформалардың ортақ тақырыбы. Ал, Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент көтерген жалпыұлттық құндылықтар жаңа платформаның өзегіне айналмақ. Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше, бұл құндылықтар жүйесін ұстану ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ерлан Қарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

-«Әділеттілік, әділдік, Әділетті Қазақстан» ұғымдарын мемлекет, билік тарапынан ол бұрын да айтылып, көтеріліп жүрген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Президент лауазымына кіріскен алғашқы сөзіндегі ең бірінші көтерген осы құндылығы Әділетті Қазақстанды құру болатын.