Қазақстан мен Қытай мыс балқыту саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

Қазақстан мен Қытай мыс балқыту саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

Қазақстан мен Қытай жылдық қуаты 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салады. Абай облысында бой түзейтін жоғары технологиялық өнім шығаратын кәсіпорын еліміздегі ең ірі өндіріс орнына айналмақ. Жобаның алдын ала құны бір жарым млрд долларды құрайды. Ел Премьер-Министрі Олжас Бектенов пен қытайлық компанияның басшысы Си Чжэнпиннің кездесуі барысында тиісті келісімге қол қойылды. Зауыт құрылысының қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірін және қазіргі заманғы мыс балқыту өндірісін біріктіретін кластер құрылатын болады. Жаңа  өндіріс  ошағында  қолданылатын тың технологиялар әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келеді. Бірегей жобаны 2028 жылдың соңына дейін іске қосу межеленген. Кәсіпорын құрамында мыс бар шикізат пен катодты мыс өңдеу бойынша нарықтың ішкі сұранысын қамтамасыз етеді. Бұл өнім түрлері электр энергетикасы, машина жасау сынды өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, жаңа зауыт тазартылған алтын, күміс және күкірт қышқылын шығаруды жоспарлап отыр. Бозшакөл және Ақтоғай, сонымен қатар, «Шығыстүстімет» тау-кен байыту кешендерінің мыс концентраты шикізат көзі болмақ.