Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда 1 шілдеден бастап
дербес кассациялық сот жұмыс істей бастады. Алғашқы айдың өзінде аталған
мекемеге 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Қазақстан Президентіне бұл жөнінде Жоғарғы
сот төрағасы баяндады. Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық істер бойынша
дауларды бітімге келу арқылы шешу 24% өскен. Кездесу соңында Қасым-Жомарт
Тоқаев сот жүйесіне сенімді нығайту және сот төрелігінің сапасын арттыру
жұмыстарын жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

