Қазақстан Президенті Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңына қол қойды

Қазақстан Президенті Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңына қол қойды

Мемлекет басшысы бүгін «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына қол қойды. Құжат Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қорғау және киелі шаһарда археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, заңмен тарихи мұраны қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау бекітілді. Түркістандықтар мен туристер үшін жайлы орта қалыптастыру және шаһардың біріңғай келбетін сақтау көзделген. Бұның бәрін тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігі кеңейтіледі. Мәселен, соңғылары қала құрылысында сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу құқығын алды. Ал, қалалық әкімдік киелі мекеннің тарихи-мәдени мұрасын сақтап, қолөнер шеберлерін қолдауға ден қояды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?