Қорғаныс министрі Қасым-Жомарт Тоқаевқа армия бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі жөнінде баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта негізгі күш-жігер басқару органдары мен жеке құрамды дағдарыс жағдайы кезінде тиімді әрекет етуге, орталық және жергілікті билік органдарымен арадағы іс-қимылдарды үйлестіруге оқыту мәселесіне бағытталған. Сонымен қатар, Руслан Жақсылықов Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді кешенді әрі жүйелі түрде жетілдіруді қамтамасыз ету және олардың жауынгерлік дайындығын жоғары деңгейде ұстап тұру қажеттігін атап өтті. Және еліміздің қорғаныс қабілетін одан ары арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.