Қазақстан Президенті Ұлытау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Президенті Ұлытау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Былтыр Ұлытау облысына 226 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89% жеке қаржы. Жалпы құны 940 млрд теңге болатын инвестициялық пул жасақталды. Биыл ортақ құны 138 млрд теңгені құрайтын 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл орайда құрылыс, сауда, логистика, энергияның балама көздері және туризм салалары тартымды деп танылған. Облыс әкімі Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспары туралы есеп берді. Дастан Рыспековтің дерегінше, былтыр баспана құрылысы қарқын алып, тұрғын үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші 30% өсті. Өндіріс көлемі 8% ұлғайды. Президентке жылыту маусымының барысы және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу, сондай-ақ қатерлі өндірістерде азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Аймақ жетекшісі «Қазақмыс» кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқанын айтты.

Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі:

- Өңірдің ірі жер қойнауын пайдаланушылар мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілік бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Мемлекет басшысы өңір экономикасын әртараптандыруды, халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуды, көлік-логистика әлеуетін арттыруды және инфроқұрылымды дамытуға бағытталған тапсырмалар берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?