Қазақстанда суперкомпьютер ресми түрде іске қосылды. Alemcloud ұлттық
орталығында өткен рәсімге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Жүйе бейінді
министрліктің жаңа дата-орталығында орнатылды. Суперкомпьютерлік кластер - бұл
Орталық Азия өңіріндегі ең қуатты есептеу шешімі. Оны іске қосу негізгі
салаларды цифрландырудағы маңызды қадам болмақ. Сонымен қатар, нейрожелілерді,
цифрлық экономика мен ғылымды дамытуға тың серпін береді. Оған университеттер,
стартаптар мен IT-компаниялар қол жеткізе алады. Мемлекет басшысы бүгінгі
оқиғаны еліміздің технологиялық дамуындағы маңызды қадам деп атады.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Бүгін сіздің тапсырмамыңызбен Қазақстан NVIDIA H200 чиптері негізінде
өнімділігі 2 экзафлопс болатын ұлттық суперкомпьютерлік кластерді іске қосады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, салаға серпін беру үшін стартаптар мен ғылыми жобаларға
есептеу қуаттарын жеңілдікті шарттармен беру ұсынылады. Стартаптар, ғылыми-зерттеу
және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс және мемлекеттік органдар үшін тегін, ал отандық
IT-компаниялар үшін және нарықтық жағдайда шетелдік клиенттер үшін 50% дейін
жеңілдік қарастырылған.

