Мемлекет басшысы
Астана халықаралық форумының аясында Франция сыртқы сауда делегат-министрі
Лоран Сен-Мартенмен, Франция Ұлттық ассамблеясы шетелдік істер жөніндегі
комиссиясының президенті Бруно Фукспен және бірқатар
компания жетекшілерімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Еуропа Одағы елдері арасындағы
негізгі сауда және инвестициялық серіктес екенін атап өтті. Өткен жылдың
қорытындысы бойынша мемлекеттер
арасындағы сауда айналым 5,5
миллиард долларға жетті. Көрсеткіш 31
пайызға ұлғайды. Қасым-Жомарт Тоқаев 17 келісімге қол
қойылған қазақ-француз форумының нәтижесін жоғары бағалап, уағдаластықтарды
уақтылы орындаудың маңызына назар аударды.

