Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты нығайтады

Конституция жобасы бойынша өткен референдум азаматтардың 87 %-і қолдаған, қоғам сұранысына сай саяси реформалардың негізгі кезеңіне айналды. Конституциялық референдумның қорытындысын Бухарада еліміздің Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов таныстырды. Ол Қазақстан мен Өзбекстанның Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысты. Тараптар екі ел парламентінің жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын атап өтті. Сауда-экономикалық байланысты дамыту, энергетика, экология және цифрландыруға басты назар аударылады. Технологиялық серіктестікке, соның ішінде Astana Hub пен Өзбекстан IT Паркінің өзара әріптестігіне басымдық берілді. Сондай-ақ, аграрлық сектор мен «жасыл» экономика мәселелері талқыланды. Кеңестің келесі отырысын Түркістанда өткізу жоспарланған.


Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Қазақстан Өзбекстанмен арада ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен тату көршілік байланыстарды нығайтуға ерекше мән береді. Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың үлгі боларлық моделі қалыптасты. Былтыр Алматыда өткен отырыста экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алмастық. Сонымен қатар мәдениет, білім беру және туризм саласындағы өзара іс-әрекеттің маңызы айрықша атап өтілді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?