Астанада «Al Jazeera-мен бір апта» жобасы басталды. Maqsut Narikbayev атындағы университеттің халықаралық журналистика мектебінде студенттерге медиа саласындағы алпауыт компанияның жетекші мамандары тренинг өткізеді. Шара Қазақстан Президенті телерадиокешенінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Бірлескен жұмыс барысында «Жаңалық репортаждары», «Мәліметтер журналистикасы», «Цифрлық сторителлинг», «Мобильді журналистика» және «Жаңалық жүргізушілерінің курсы» секілді тақырыптар бойынша лекциялар өткізу жоспарланған. Осылайша, студенттер тек қажетті ақпарат алып қана қоймай, Al Jazeera тілшілерінің осы саладағы жұмыс стандарттарын да меңгеруіне мүмкіндік пайда болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл арнаның штаб-пәтерлері Доха, Лондон, Куала-Лумпур және Вашингтонда орналасқан.
Ерболат Мұхамеджан, MNU басқарма
төрағасының орынбасары:
-Халықаралық журналистика мектебі болғаннан кейін
халықаралық деңгейдегі ірі телекомпаниялардың бізге осылай сабақ өткізуі
студенттерге белгілі бір әсерін тигізеді деген сенімдеміз. Бір апта ішінде
тренинг болады, сосын олар өзінің жобаларын қорғайды. Және тек қана тренинг
емес, практикалық түрде де өтеді. Камералармен жұмыс, барлық процесстермен
өтетін болады.