Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының XII Саммитіне қатысты

Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының XII Саммитіне қатысты

Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының XII Саммитіне қатысты. Еске салайық, алқалы жиын Әзірбайжанның Габала қаласында өтуде. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Ұйым достас халықтардың басын қосқан мәртебелі әрі беделді құрылымға айналғанын атап өтті. Оған көптеген елдер қызығушылық танытуда. Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы +» форматын құру идеясын қолдайды. Бұл ынтымақтастықты кеңейтіп, Ұйымның халықаралық беделін арттырады. ТМҰ-ның басты мақсаты - өңірдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдері қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласында өзара табысты іс-қимыл орнатқанын тілге тиек етті. Алайда, мұнымен шектеліп қалуға болмайды. Шекара талғамайтын жаңа қауіп-қатер - кибер шабуылдарға бірлесіп қарсы тұру қажет. Бұл Ұйым аясында Киберқауіпсіздік жөніндегі кеңес құру арқылы мүмкін, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Әрине, түркі елдерінің тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі - экономикалық ынтымақтастық. Қазақстан Президенті «2040 жылға дейінгі Түркі әлемінің даму бағдарын толық іске асыруға шақырды. Бұл жерде Түркі инвестициялық қорының мүмкіндіктерін пайдалану маңызды. Бұдан басқа, Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистикалық байланыстарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту қажет деп санайды. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?