БҰҰ миссия басшылығы қазақстандық бітімгерлердің кәсібилігін жоғары бағалады

БҰҰ миссия басшылығы қазақстандық бітімгерлердің кәсібилігін жоғары бағалады

Біріккен Ұлттар ұйымы қазақстандық бітімгерлердің Голан биіктігіндегі миссия кезінде көрсеткен батылдығы мен табандылығын жоғары бағалады. Қазақстандық контингент оның барысында 560-қа тарта тапсырманы мүлтіксіз орындаған. Отандық әскерилер қақтығысушы күштер арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің сақталуын қадағалау, бақылаудағы аумақты мобильді патрульдеу, жарылмаған оқ-дәрілерді жою мен басқа да жарылғыш заттардан тазарту сынды аса күрделі әрі маңызды қызметтер атқаруда. Еске сала кетейік, бұл Қазақстан бітімгерлерінің өз туы астындағы алғашқы дербес операциясы болды. Өзара түсіністік туралы меморандумға және миссияның мандатына сәйкес, олар өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.

Жігер Аипов, Ұлттық бітімгершілік контингенттің командирі:


- 550-ден астам тапсырмалар орындап, оның 45-ден астамы буферлік аймақ пен екі мемлекеттің шекарасының бойында патрульдік жасау, үш эвакуация және 15-тен астам тапсырмаларды орындау барысында 2050-ден астам жарылмай қалған оқ дәрілердің көзі жойылды. БҰҰ-ның тұлғалары Сирия араб республикасының астанасы Дамаск қаласынан, яғни қарулы дағдарыстың ортасынан аман-есен алып шығарылды.


Микаел Финч, Миссияның жедел басқармасының бастығы /Австралия/:


- Мен өткен жылдың шілде айынан бері қазақстандық ротамен қоян-қолтық жұмыс істеп келемін Мені таң қалдырған нәрсе - олардың кәсібилігі мен парызына деген адалдығы. Сондай-ақ, олар жоғары шиеленіс кезеңінде атқарған жұмыс көлеміне риза болдым. Мен қазақстандық жасаққа және оның қабілеттеріне сенімдімін және келесі бітімгершілер де осындай кәсіпқойлар болатынына үміттенемін.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?