Қасым-Жомарт
Тоқаев ТМД-ға мүше
мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Қазақстан Президенті
жұмыс сапарымен Санкт-Петербургке келді. Іс-шараға, сондай-ақ Ресей,
Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттері
қатысты. Саммитте тараптар Достастық аясындағы елдердің өзара тиімді
ынтымақтастығын дамыту перспективалары мен қызметінің басым бағыттарын
талқылады. Сондай-ақ, жылды қорытындылады. Айта
кетейік, 2024 жылы ұйымға Ресей төрағалық етті. ТМД елдерінің ЖІӨ өсімі 4,7% -ті құрады, ал тауарайналымы
үш тоқсанда 11% -ке
өсті. Келесі жылы төрағалық Тәжікстанға өтеді.
Авторы. Әсел Күшенғалиева

