Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады. Мемлекет басшысы Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берді. Сонымен қатар, Президент жаңа лауазымның маңыздылығын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Президент ол басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізілді. Сондай-ақ, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

