Үкіметте стратегиялық жобалар қаралды

Үкіметте стратегиялық жобалар қаралды

Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтып келеді. 2026-шы жылдың соңына дейін елдің халықаралық деректер тарату үлесін арттыру жоспарланған. Үкіметте осының қамында қолға алынған ірі жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды. Бұл мақсатта Транскаспий магистралі мен «Батыс–Шығыс» гипермагистралінің құрылысы жүргізілуде. Ауқымды бастамаға салынған қаржы көлемі - 30 млрд теңгеден асады. Жалпы 2025–2030 жылдар аралығында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторына жалпы көлемі шамамен 1,3 трлн теңге инвестиция тарту межеленген. Осы аралықта сыйымдылығы 20 мыңға жуық IT-сөрелері бар Tier III деңгейінен төмен емес 10 деректер орталығын пайдалануға беру көзделіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан саланы дамыту үшін OneWeb, Starlink, Shanghai Spacecom Satellite Technology және Amazon Kuiper сынды халықаралық компанияларымен ынтымақтастық орнатқан. Сондай-ақ, жиында елдің энергетика саласындағы әлеуеті қаралды. 2035 жылға дейін қосымша 26 ГВт-тан астам энергия өндіруді көздейтін кешенді бағдарлама іске асырылып жатыр. Бүгінде бұл көлемнің жартысынан астамын қамтитын жабалар әртүрлі кезеңдерде пысықталуда. Жалпы ел аумағында 230 электр стансасы жұмыс істейді, оның 156-сы –жаңартылатын қуат көздерінің нысандары.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?