Қазақстанда 5 жаңа мұнай-газ-химиялық кәсіпорын ашылады

Қазақстанда 5 жаңа мұнай-газ-химиялық кәсіпорын ашылады

Қазақстанда мұнай-газ-химиялық өндіріс көлемі арта түспек. Бұл үшін ірі жобалар қолға алынуда. Мәселен, 2029 жылы бірден 5 ірі кәсіпорын ашылмақ. Оған тартылатын қаржы көлемі де мол. Ресейлік және қытайлық компаниялардың салатын инвестициялары 14 млрд доллар шамасында болмақ. Оның ішінде бутадиен, полипропилен шығаратын зауыттар ашып, Теңіз ен орнында газосепарациялық қондырғы орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы арнамызға энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мәлімдеді. Сонымен қатарведомство басшысының орынбасары осы саланы дамытудағы атқарылатын өзге де жұмыстар туралы сөз етті. Мәселен, Шымкент мұнай өңдеу зауытында модернизация жүргізілмек. Оның арқасында, зауыттағы мұнай өңдеу қарқыны 6 жылдан кейін екі есе артып, 6 млн тоннадан 12 дейін жетеді деп күтілуде. Ведомство өкілі 2023 жылдың соңына дейін мұнай өндіру көрсеткіштеріне де болжам жасады. Оған сәйкес, 90 млн тонна болады деп күтілуде. Оның 70 % экспортқа жіберледі. Осы орайда, Қазақстан, шикізатты жаңа маршруттар бойынша жіберуге дайын. 7 млн тонна жылына Әзербайжан астанасы – Баку арқылы жеткізілуі мүмкін. Сонымен қатар Германия айына 120 мың тонна қара алтын импорттамақ.

Әлібек Жамауов, ҚР Энергетика вице-министрі:
-
Қазақстан мұнайды, Атырау-Новороссийск мұнай құбыры арқылы экспорттайды. Бұл негізгі бағыт деуге болады. Артынша, Балтық теңізіне жеткен мұнай Еуропа мен Батыс елдеріне жөнелтіледі. Тағы бір бағыт Атырау-Самара құбыры арқылы Усть-луга портына жеткізіліп, Қара теңіз арқылы да діттеген жеріне жіберіледі.