Қазақстандық ғалымдар хирургияға арналған антибактериалды жабын ойлап тапты

Отандық ғалымдар бірегей антибактериалды хирургиялық жабын ойлап тапты. Жоба авторлары – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті зертханасының мамандары. Олар ота жасау кезінде қолданылатын жіпті «ақылды» қорғаныс механизмінің арқасында әлдеқайда жақсартты. Мамандардың айтуынша, жіптің өзі түрлі бактериялар мен инфекциялардың таралуына себепкер болғандықтан, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті. Оның антибактериалды қасиеттері, ғалымдардың айтуынша, бір ай бойы сақталады.

Аяжан Сейдуллаева, зертхананың ғылыми қызметкері:

– Хирургиялық жіп бетінде бірнеше қабат болады. Біз оның бетіне полиэлектролит ерітпесін жағып, антибактериалды агенттерді босатамыз. Өз кезегінде, олар қауіпті микроағзаларға қарсы күреседі. Антибактериалды агент ретінде, біз хлорегексидин, триклозан мен күміс нанобөлшектерінің ерітпелерін қолданамыз. Олар антибиотиктерден қарағанда әлдеқайда қуатты. Сонымен қатар, бактерияны да қоздырмайды. Бүгінде хирургиялық жіп қасиеттерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта, жіптің адам ағзасына қалай әсер ететінін білуге арналған зерттеу жұмыстарын жүргізбекпіз. 

Қазақстанда баламасы жоқ бұл жаңашылдыққа университет ғалымдары бірден патент алып, әлемдік ғылыми журналдарда мақалалар жариялап үлгерді. Отандық ғалымдардың жаңалығына тағы бір ірі компания қызығушылық білдірді. Хирургиялық жіп жасайтын бұл кәсіпорын бірлесе жұмыс істеуге ұсыныс білдірген. Ғалымдар өз өнертабысын одан сайын жаңғыртып, өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.