Қазақстанның жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум 15
наурызда өтеді. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды. Бюллетеньде «жаңа
Конституцияны қабылдайсыз ба?» деген бір сұрақ болады. Айта кетейік, еліміздің
Негізгі заңының жобасы бүгін қазақстандық БАҚ-та ресми жарияланды.
Республикалық референдумды өткiзу Орталық сайлау комиссиясына жүктелді, ал
үкiмет пен жергiлiктi атқарушы органдар қажеттi қолдау көрсетеді. Естеріңізге
сала кетейік, кеше Конституциялық комиссия мемлекет басшысына жаңа
Конституцияның қорытынды нұсқасын ұсынды. Ол осыған дейін өткен он екі отырыстың
нәтижесінде әзірленді. Жаңа Конституцияның мәтіні азаматтар мен сарапшылардың
былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған
бастамалары негізінде дайындалды. Сондай-ақ, жобада Парламенттік реформа
жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер ескерілді.

