Астанада конституциялық реформаның жүзеге асырылуы талқыланды

Астанада конституциялық реформаның жүзеге асырылуы талқыланды

Қазақстанда қолданыстағы заңнаманы жаңа Ата заңға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Конституциялық өзгерістер барлық нормативтік құқықтық актілерге қатысты болмақ.  Бірінші кезеңде 6 конституциялық заң қабылданды. Олар жаңартылған мемлекеттік институттардың жұмысына құқықтық негіз қалады. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылды. Сарапшылар конституциялық реформаның заңнаманы және мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға әсерін талқылады. Олардың пікірінше, еліміздегі конституциялық теңгерімнің жаңа моделі қоғам мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты айқындауы тиіс. Яғни, өзгерістер қоғамның шешім қабылдауға қатысу тетіктерін дамытуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға тың серпін береді.


Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы:


- 1 шілдеден бастап қоғамдық қатынастардың жаңа кезеңі басталады, яғни қайта құрылады, өйткені конституциялық институттар  жаңа тәртіппен жұмыс істейді. Бұл депутаттық корпустың азаматтарға барынша жақын болуына және кәсіби тиұрғыдан жетілуіне мүмкіндік береді. Себебі Президент Парламент шын мәнінде кәсіби болуы тиіс деп айтқан болатын. Бұл Құрылтай сияқты терең мағыналық жүктемені көтеретін кәсіби әрі жауапты Парламент құрылады деген сөз.


Жанар Джигитекова, ҚР Әділет министрлігі заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры:


- Жаңа Конституциялық реформаға қатысты айтатын болсақ, бұл, әрине, бірінші кезекте, бір палаталы Парламентті құру. Ол сапалы заңдар қабылданатын алаңға айналуы тиіс. Яғни, заң қабылдау бойынша заң шығарушы органның жауапкершілік деңгейі артуда. Бұдан бөлек, өзгерістер заң шығарудың барлық үрдісіне әсер етеді. Бұл заң жобасының идеясы, оның тұжырымдамасы, қоғамдық және құқықтық сараптаманы талқылауға қатысты болмақ. Өйткені аталған рәсімдер заң жобалары Парламентке келіп түскенге дейінгі кезеңге өтуі тиіс. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?