Қазақстан Президенті Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

Қазақстан Президенті Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады

Қазақстан Президенті бүгін Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. Тараптар энергетика саласындағы өзара ықпалдастық жағын да талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президентінің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?