Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Ресей Президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Владимир Путинді Дональд Трамппен Анкориджде өткен кездесу қорытындысымен құттықтады. Оның пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тараптың жақсы түсінуіне септігін тигізді. Бұл күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға көмектеседі. Қасым-Жомарт Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын және әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан айтулы кездесу болды деп санайды. Владимир Путин өз тарапынан әріптесіне Аляскада өткен келіссөздің кейбір нақты аспектілері туралы мәлімет берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?