БҰҰ Бас ассамблеясы Семей облысын қалпына келтіру жөніндегі қарарды бірауыздан қабылдады. Құжат халықаралық қоғамдастықты зардап шеккен тұрғындарды емдеу, қоршаған ортаны қалпына келтіру және республиканың осы облысының экономикасын дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қосылуға шақырады. Айта кетейік, бұл – БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей облысына арналған он бірінші қарары. 85 мүше-мемлекеттері қарардың бірлескен авторлығына қосылды. Сыртқы істер министрлігінде атап өткендей, қабылданған қарар – халықтың, әсіресе жас балалар мен басқа да осал топтағы адамдардың өмірі мен денсаулығына ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдарына халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын көрсетеді. Сондай-ақ құжатта Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі ресурстар бөлудегі Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі туралы айтылған.