Қазақстан бірқатар елмен жүк тасымалдау саласында келісім жасайды. Көлік министрілігі қазіргі таңда Дания, Македония Португалия және Біріккен Араб Әмірліктерімен осы бағытта келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді. Мәселен, Араб мемлекетімен ынтымақтастық орнату отандық тасымалдаушылар үшін Парсы шығанағы порттарына, Үндістан, Пәкістан және басқа да елдердің жүк нарығына шығуды қамтамасыз етпек. Сонымен қатар елімізге халықаралық ірі операторлар өкілдіктерін тарту, қазақстандық экспорттаушыларға көлік сатып алуға жеңілдетілген жағдайлар жасау мен отандық тартқыш көліктердің өндірісін дамыту көзделуіп отыр. Бұл шаралар елдегі жүк көліктерінің паркін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Халықаралық жүк тасымалы дәліздерінде отандық тасымалдаушылардың үлесі мен бәсегке қабілетін арттыруда енді бір жаңашылдық қолға алынбақ. Ол үшін елімізде шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың автоматтандырылған жүйесін енгізіледі.