Адам, оның құқықтары мен бостандықтары - жаңа Конституцияның басты бағдары.
Бекітілген барлық кепілдіктер жаңа қабылданатын заңдардан көрініс табады. Елордадағы Президенттік орталықта құқықтанушылар жаңартылған
Ата заңды іске асыру тетіктерін талқылады. Сарапшылар Конституцияның жаппай
құқықтық қолданыс негізіне айналуы үшін, қоғамдық диалог пен жаңа мемлекеттік институттардың
халық алдындағы жауапкершілігін арттыру керек деген байламға келді.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым
депутаты
- Азамат мемлекет үшін емес, мемлекет азамат үшін. Бір
сөзбен айтқанда барлық қоғамдық-саяси институттар енді азаматтарымыздың
құқықтары үшін, азаматтарымыздың мүдделері үшін жұмыс істеуге тиіс. Әрине,
саяси институттар, қоғамдық институттардың өзгерісін де көре аламыз, ең алдымен
осы саяси институттарға келер болсақ, Құрылтай, яғни жаңа парламент пайда
болады.

