Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрін қабылдады. Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ведомствоаралық ықпалдастықты күшейту, қызметтер сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және саланы цифрландыру шаралары жөнінде баяндады. Президентке мәдениет пен ақпарат, дін және этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, сондай-ақ отбасы, жастар саясаты салаларында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы аталған бағыттарды одан әрі жетілдіруді тапсырды.

Қ. Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне бірқатар тапсырма берді

Светлана Жақыпова Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі соңғы бес жылда 2,7 млн адам еңбекке тартылғанын мәлімдеді. Сапалы жұмыс орындарын ашу үшін өңірлік жол картасы мен жыл сайынғы KPI іске асырылуда. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Бірыңғай цифрлық платформа құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетуге және қолдау шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыспен қамту сапасын жақсартуға, әлеуметтік қолдау тетіктерін одан әрі цифрландыруға, зейнетақы жүйесін және көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?