Президент телерадиокешенінің 30 жылдығы аясында ел
бойынша «Хроникадан болашаққа» республикалық кинокеруені жалғасуда. Өткен
аптада көрсетілімдер Қазақстанның батыс өңірлерінде ұйымдастырылды. Ақтөбеге
жеткен танымдық шара аясында деректі кино орталығының авторлық туындылары көрермендердің
ыстық ықыласына бөленді. Таспаға түскен кейіпкерлердің тағдыры мен айтулы
оқиғалар Қазақстанның қалыптасу жолынан сыр шертеді. Ақтөбелік қауымның
назарына ұсынылған бағдарлама отандастарымыздың өзгерістерге ұмтылуы мен қоғам
дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын төрт фильмді қамтыды.
Гүлқасым Сүйентаева, облыстық мәслихаттың төрағасы:
- Бүгінгі жоба жай жоба емес. Бұл деген көрермендердің ашық пікір алмасуына
және ел тарихындағы маңызды кезеңдердің деректерін кино арқылы көрсетуде.
Сондықтан ел болашағы үшін, балалар үшін, ұрпақ үшін құнды мұра.

