Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық AZAL ұшағының қара жәшіктері Қазақстанға қайтарылды. Борттық өздігінен жазғыштардан алынған мәліметтер еліміздің көлік министрлігінің комиссиясына ұшақ апаты туралы қорытынды жасау үшін тапсырылды. Қазір қолдағы ақпаратты мамандар зерттеуде. Ведомство алдын ала есепті барлық фактілерді зерделегеннен кейін жариялайды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 25 желтоқсанында Баку – Грозный бағытындағы Әзербайжан ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты. 29 адам аман қалды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

