Қазақстанда қатерлі өндіріс орындары толық тексеріледі. Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште орын алған қайғылы оқиғаға байланысты осындай тапсырма берді. Президент еңбек қауіпсіздігі саласында қатаң сақталуға тиіс жағдайларға назар аударды. Елдегі кәсіпорындар осы бағыттағы жобаларға тиісті инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады. Президент Үкіметке бірқатар шаралар қабылдауды жүктеді. Болжау мен құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін енгізіп, нысандарды цифрландыру, сондай-ақ, заманауи қауіпсіздік жүйесін, белгі беру сейсмикалық қондырғыларын, позиционирлеу жүйесін және тағы басқа тиісті әдіс-тәсілдерді енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдатуды тапсырды.

