Астанада үйлестіру кеңесінің екінші отырысы өтті. Алқалы жиында 5 келісімге
қол қойылды. Құжаттар Су ресурстары және ирригация министрлігінің шетелдік
ұйымдармен ынтымақтастығын дамытуға бағытталған. Жаңа әріптестік аясында испан
компаниясымен елдің батысындағы жер асты суларының кен орындарын картаға
түсіру көзделіп отыр. Еуразиялық даму банкі уағдаластық бойынша
Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін құруға грант бөледі. Ал қытайлық
тарап қазақстандық мамандарды оқытады. Тағы бір жоба республикада су электр
стансаларын дамытуға ықпал етеді. Бұдан бөлек министрлік, Ислам даму банкі және
БҰҰ Даму бағдаралмасы ниет туралы мәлімдемеге қол қойды. Құжат саладағы
техникалық әлеуеттті нығайтуды, су тасқынын болжау жүйесін жақсартуды көздейді.
Нұржан
Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация
министрі:
- Жарты жыл ішінде біз нақты келісімдерге қол жеткізіп, бірқатар серіктес
елмен, даму институттарымен, қаржы ұйымдарымен және ірі компаниялармен жаңа
жобаларды іске қостық. Министрлік халықаралық әріптестерімен үш келісім мен 16
меморандумға қол қойды.
Катаржина Вавьерниа, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі:
- Біз алғаш рет бірнеше ай бұрын, 2024 жылы қыркүйек айының соңында жиналған
кезде, платформа енді ғана қалыптаса бастады. Бірнеше айдың ішінде бұл Кеңестің
идеядан нақты нәтижелері бар жұмыс істейтін платформаға айналғанын көру
қуантады. Платформа Қазақстанның су секторының басымдықтарын қолдау үшін ұлттық
және халықаралық мүдделі тараптардың кең ауқымын біріктірді.

