Дәстүр
бойынша ірі халықаралық іс-шаралар аясында Қазақстан Президенті
маңызды кездесулер өткізді. Эр-Рияд қаласында өткен One
Water Summite-інде Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік
банк тобының президентімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы еліміздің банкпен
стратегиялық серіктестігінің мәнін ерекше атап өтті. Бүгінде
тараптар 3,5 миллиард долларға 5 жобаны бірлесіп іске асыруда. Президент Көлік жолдарының орнықтылығы мен байланысын жетілдіру
бағдарламасы шеңберінде Дүниежүзілік банктің 650 миллион долларлық
жобаны қаржыландыруын құптады.
Қазақстан
Президенті Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен де
ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед бен
Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен екі ел
арасындағы жемісті дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығында саяси диалог
пен іскерлік байланыс орнағанын атап өтті. Кездесу барысында энергетика,
мұнай-газ өнеркәсібі, көлік және логистика салаларындағы әріптестік
мәселелері қаралды.
Эммануэль
Макронмен әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті жақында Францияға
мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген бірқатар уағдаластықтар бойынша
келісімдерді іске асырудың нақты нәтижелері бар екенін атап өтті. Өз кезегінде Эммануэль
Макрон екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып
келе жатқанына тоқталды.

