Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан
Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Өзбекстан
Президентін туған күнімен құттықтап, Шавкат Мирзиёевтің беделді көшбасшылығының
арқасында Өзбекстан дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік-экономикалық салада
елеулі жетістікке жеткенін атап өтті. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық
ынтымақтастық пен ғылым-білім саласындағы серіктестіктің нығайып келе жатқаны
айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүкіл Орта Азияның орнықты дамуы
көбіне екі мемлекеттің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Осыған орай
тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы
бағыттарындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты шаралар қабылдап
жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жоспарланған жоғары деңгейдегі
кездесулер кестесін қарастырды.

