Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты.
«Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды», - деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына көңіл айта отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығына тілектестік білдірді.
Мәншүк Шымырбай.