Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Түркістандағы жаңа мешітке барды

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Түркістандағы жаңа мешітке барды

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері Түркістандағы жаңа мешітті аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде бой көтерген нысанмен танысты. Мешіт Өзбекстан көшбасшысының Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған. Аталған ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр. Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?