Қазақстан Президенті үстел теннисінің әлемдік жұлдыздарымен кездесті

Қазақстан Президенті үстел теннисінің әлемдік жұлдыздарымен кездесті

Қасым Жомарт Тоқаев Үстел теннисінен Қазақстан Президентінің ашық кубогына барды. Жарыстың негізгі шараларының бірі – осы спорт түрінің әлемдік жұлдыздарының қатысуымен өткен шоу-матчт. Мемлекет басшысы Олимпиада чемпионы Сюй Синь, әлем чемпионы және Олимпиада жүлдегері Вернер Шлагер, әлем чемпиондары Фан Бо және Чу Се Хёкпен әңгімелесті. Турнирге әлемнің 14 елінен 300 аса спортшы қатысты. Олардың арасында ITTF рейтингісі бойынша ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?