Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевты елдің Үкімет басшысы Шахбаз Шариф күтіп алды. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан соң тараптар келіссөз жүргізді. Әңгімелесу барысында соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтілді Сондай-ақ өзара ықпалдастықты нығайтудың әлеуетті бағыттарын талқылады. Кездесуде сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, және ғарыш салаларындағы қарым-қатынасты тереңдету мәселесіне баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

