ТМҰ елдері экологиялық ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты

ТМҰ елдері экологиялық ынтымақтастықты арттыруға уағдаласты

Түркі мемлекеттері ұйымы 8 экологиялық жобаны іске асыруға ниетті. Қазір осыған қатысты келіп түскен өтінімдер іріктеліп жатыр. Үздік бастамалар екі жылдың ішінде жүзеге асырылмақ.  Бұл туралы Астанада Ұйымға мүше мемлекеттердің қоршаған ортаға жауапты министрлерінің екінші кездесуінде айтылды. Жиын Өңірлік экологиялық саммит аясында өтті. Тараптар қазір елдер ортақ климаттық сын-қатерлерге тап болған кезде ынтымақтастықты нығайту және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру аса маңызды екенін алға тартты. Бұны нақты іске асыру үшін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің экология министрлерінің Декларациясы қабылданды. Құжат аясында осы салада өзара тәжірибе және цифрлық шешімдермен алмасу көзделіп отыр. Сонымен қатар елдер ортақ экологялық зерттеулер жүргізбек. Бұдан басқа, «жасыл» жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тарту, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласын жетілдіруге бағытталған бірлескен «жол карталары» әзірленетін болады.


Кубанычбек Омуралиев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы:

- Біздің Түркі мемлекеттері ұйымына келсек, 2024 жылы Қырғыстанның астанасы Бішкектегі саммитте түркі «жасыл» ұстанымы қабылданды. Осыған орай «жасыл» ұстанымды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленгенін айта кету керек. Осылайша, әрбір ел Арал мен Каспий теңіздері және өзге де ортақ су ресурстары бойынша мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын ұсынады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?