Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен келді. Будапешт әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Премьер-министр Виктор Орбан қарсы алды. Сапар аясында Мемлекет басшысы Мажарстан Президенті және Премьер-министрімен келіссөз жүргізіп, екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Президент Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 30
жылдан астам уақыттан бері елдер арасында алыс-беріс белсенді
дамып, экономикалық жобалар жүзеге асырылуда.
Қазақстан мен Мажарстан тауарайналымы биылғы жылдың 8 айында 131
млн доллардан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6% -ке
жоғары.
Айта кетейік, өткен жылы екіжақты сауда-саттық АҚШ валютасында 187 жарым млн-ға тең келді. Сонымен қатар ел экономикасына салынған Мажар инвестициясы 20 жыл ішінде 300 млн-нан астам долларды құрады.
Әсел Күшенғалиева