Қазақстан Президенті Конституциялық комиссия құру туралы Жарлыққа қол
қойды. Оның міндеті - Конституциялық реформалар бойынша ұсыныстарды тұжырымдау.
Жарлыққа қоса бекітілген ережеде комиссия Президент жанындағы
консультативтік-кеңесші орган екені атап көрсетілген. Құрамына 120 адам енді. Олар
Ұлттық құрылтай мүшелері, Парламент депутаттары, облыстық мәслихаттар, іскер
топтар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, заңгерлер, ғалымдар, сарапшылар және
мәдениет қайраткерлері. Енді бұл құжатқа сәйкес, елдің Конституциялық Сотының Төрағасы
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия төрағасы болды. Мемлекеттік кеңесші
Ерлан Қарин мен ел Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат
министрі Аида Балаева коммиссия төрағасының орынбасарлары болды. Еске салайық Қызылордадағы
Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы парламенттік реформа бойынша
конституциялық өзгерістердің көлемі едәуір көп екенін алға тартты. Бастапқыда негізгі
заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Бірақ кейінірек түзетулердің
анағұрлым ауқымды сипатқа ие екені белгілі болды. Қасым-Жомарт Тоқаев оларды
жаңа Конституцияның қабылдануымен салыстыруға болады деп атап өтті.

