Фин тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб телефон арқылы сөйлесті. Президенттер екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму әлеуетін талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қос тараптың да бейіл екенін растады. Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Финляндия Президенті биыл Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында алдағы жоспарланған жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнын байытудың маңызына назар аударылды. Оның қорытындысы қазақ-фин серіктестігінің жаңа кезеңіне жол ашады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

