ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты Қазақстанның ұстанымын жария етті

ҚР СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты Қазақстанның ұстанымын жария етті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ахуалды тұрақтандыру жөніндегі бастамасына қатысты хабарлама таратты. 

Ведомства мәліметінше, Қазақстан Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату, гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Газа секторын қалпына келтіруге бағытталған негізгі ережелерден тұратын бейбітшілік бастамасын құптайды. 

«Сондай-ақ ұзақ жылға созылған қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын Палестина Мемлекетін құру туралы Қазақстанның мызғымас ұстанымын растаймыз» – делінген хабарламада.