Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссияcының 5-ші отырысы өтті

Қазақстан-Иордания Үкіметаралық комиссияcының 5-ші отырысы өтті

Қазақстан бидай мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің басқа да түрлерін қосқанда, Иордания нарығына шикізаттық емес тауарларды жеткізуді арттыруға дайын. Бұл туралы Амманда өткен Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысында белгілі болды. Тараптар екі ел арасындағы сауда әлеуетінің жоғары екенін атап өтті. Сандарды сөйлетсек, мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауарайналым 4 еседен астам өсті. Көрсекткіш әлі де еселене түспек. Иордания тарапы қазақстандық астықты баламалы көлік жолдары, оның ішінде Каспий теңізі арқылы импорттауға жоғары қызығушылық танытты. Қазақстан өз тауарларын экспорттау үшін Ақаба портының әлеуетін пайдаланануға ниетті. Бұл өз кезегінде Иордания нарығына ғана емес, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріне де өнім жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан иорданиялық компаниялардың біздің еліміздің аумағында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын құруға қатысуына мүдделік танытуда. Өзара ынтымақтастықты жандандыру үшін тараптар келесі жылы Қазақстан-Иордания Іскерлік кеңесінің отырысын өткізуді жоспарлап отыр.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?