Ақордада Қазақстан мен Қатардың өзара энергетика және телекоммуникация
салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру әлеуеті талқыланды. Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Power International Holding басшылары Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады. Әңгімелесу
барысында Мемлекет басшысына компанияның елімізде телекоммуникация нарығындағы
қызметін кеңейту жоспары баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Холдинг осы саланың инфрақұрылымын
жаңғыртуға, қызметтің сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыруға септігін
тигізетініне сенім білдірді. Кездесу соңында тараптар өзара ықпалдастықты одан
әрі жандандырып, перспективті инвестициялық жобаларды іске асыруға бейіл екенін
растады.

