Қазақстан Президенті кинологтарды қазақ тазысының табысты дебютімен құттықтады

Қазақстан Президенті кинологтарды қазақ тазысының табысты дебютімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның кинологтар қауымдастығын қазақстандық тазының халықаралық байқауда үздік өнер көрсетуімен құттықтады. Халықаралық кинологиялық федерациясы тарапынан жеке түр ретінде мойындалған қазақтың тазылары Хельсинкиде өткен халықаралық иттер көрмесіне қатысып, 7 бірдей жүлделі орынды иленіп қайтты. «Әлемнің жас чемпионы», Әлем чемпионы, Әлемнің вице-чемпионы ретінде 5 тазы 1 орынды иеленсе, тағы екі тазы Финляндияның чемпионы атағын алып келді. Тазы - еліміздің ұлттық құндылығы санатына жататын казақтың жеті қазынасы. Айта кетейік, әлемнің ірі кинологиялық шарасына ондаған мемлекеттен 25 мың ит қатысқан.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?