Өткен демалыс күндері Silk Way Star байқауының кезекті іріктеу кезеңі аяқталды. Бұл жолы өнерпаздар әлеуметтік желілерде кең тараған әлемдік хиттерді әр түрлі мәнерде шырқады. Нәтижесінде, Өзбекстан өкілі Мадинабону мен қазақ әншісі Әлем тең ұпай жинап, үздік танылды. Жалпы алты кезеңнің қорытындысы бойынша, қазақстандық әнші көш бастап тұр. Ал, ең аз ұпайды кореялық Kandis тобы жинап, жарыс жолынан шығып қалды.
Kandis тобы, Silk Way Star байқауының қатысушылары, Оңтүстік Корея:
- Біз үшін бұл ерекше тәжірибе болды. Әр елден келген дарынды өнерпаздармен
танысып, көп нәрсе үйрендік. Біз де өз тарапымыздан бір дүние бере алдық деп
ойлаймыз. Осы жобаға қатысып, Оңтүстік Кореяның атынан шығу - біз үшін үлкен
мәртебе. Осы жобаның арқасында к-попты білетін, тыңдайтын адамдардың қатары
арта түседі деп сенеміз.

