Қазақстан Президенті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Қазақстан Президенті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жандандырудың маңызын тілге тиек етіп, бірқатар тапсырма берді. Олардың бәрі бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.