Қазақстанда жидек қосылған құрт және асқабақ сығындысы бар қымыз патенттелді

Жидек қосылған құрт пен асқабақ тұқымының сығындысы бар қымыз. Елде қазақтың түрленген ұлттық тағамдары жиі патенттеле бастады. Лицензияланған өнімдер баз баяғы қалпында емес, дәстүрлі технологияны сақтай атырып жаңа  әдіспен заман талабына сай әзірленеді. Яғни, көненің мән-маңызы жойылмай жаңаша түрленеді. Тек құрамында сәл өзгешелік болады. Бұндай тәсілмен қазіргі таңда домбыра, қобыз, шаңқобыз, жетіген, бесік, сондай-ақ киіз үй жасау тәсілдері пайда болды дейді, салалық ведомства өкілдері. Елдің Әділет министрлігінің мәліметінше көбіне қымыз, шұбат, саумал, тары шайы, айран сынды ұлттық сусындар патенттеліп жатыр. Сондай-ақ, бұл тізімде ірімшік, сүзбе, жент және талкан бар. Қазір мамандармен тауарларды географиялық көрсеткіш ретінде тіркеуге келіп түскен 15 өтінім қаралуда. 

 

Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

-Яғни, өндірушілер бізге осындай бірқатар өтінім берді. Қазір таңда олар пысықталуда. Бұдан әрі тексерілген өнімдер Қазақстанда географиялық көрсеткіш ретінде тіркелуі мүмкін. Бүгінде тек алты географиялық атау ғана ресми түрде тіркелген. Олар TURKISTAN балмұздағы, TURKISTAN шоколады, Қарағанды балмұздағы, Грузин чачасы, Алматы апорты және «Сайрам» кексі.