Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады. Мемлекет басшысына қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Ержан Сәденов биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8% төмендегенін жеткізді. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4% төмендеді. Көшелердегі құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық шешімдер кеңінен қолданылады. Көші-қонды бақылау шаралары күшейтілді. Былтыр «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» Заң қабылданды. Президент елдегі қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?