Астана халықаралық форумы мен БОАО Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Астана халықаралық форумы мен БОАО Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар тиісті құжатқа Азия конференциясының жыл сайынғы сессиясына қатысуы аясында қол жеткізді. 

Астана халықаралық форумы және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?