Қазақстан 2023 жылы Қытайға астық жеткізудің рекордын орнатты
Қазақстан 2023 жылы Қытайға астық жеткізудің рекордын орнатты
10.01.2024 01:36
180
Қазақстан Қытайға 2023 жылы дәнді дақылдардың рекордтық
көрсеткішін жеткізді. Аспан асты еліне астық, арпа, бұршақ, зығыр мен
күнбағыстың теміржол арқылы экспорты 2 млн 226 мың тоннадан асты дейді Eldala.kz
порталы. Алдыңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда бұл сан 50%
өскен екен. Ал оның өзі 2019 жылы тіркеліп, ол кезде 1 млн тоннадан асқан.
Бұндай нәтижеге қол жеткізуге сарапшылардың айтуынша, бірнеше фактор сеп
болған. Ол – жабық вагондар мен контейнерлік пойыздар арқылы тасымалдау
көлемінің артуы. Пойыз ішінде ондай жағдайда жүктің тек 1 түрі болады. Бұл
формат барлық тексерістен жылдам өтіп, тиеу уақытын да едәуір азайтуға
мүмкіндік береді. Оның үстіне дән тасушылар арқылы Қытайға ауыл шаруашылығы
өнімдерін тасымалдау қайта жанданған. Оның үстіне, сарапшылардың пікірінше 2024
жылы бұл көрсеткіштер бойынша жаңа рекорд орнатуға болады. Оған «Достық -
Алашанькоу» және «Алтынкөл - Қорғас» жаңа өткізу пункттерінің арқасында қол
жеткізуге болады. Жалпы қазіргі инфрақұрылымды негізге ала отыра, екі пункт
арқылы Қытай Қазақстанның 5 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімін қабылдай алады.